С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы

Сайын Мұратбеков туралы сөз

Ұлы ақынымыз Абай негiзiн салған көркем жазба әдебиетiмiз ұдайы дамып, айдынын кеңейтiп келедi. Өткен ғасырда болған сұрапыл соғыстан кейiнгi кезеңге де көркем әдебиетiмiз кейiнгi толқын — тың күштермен толығып, мықтап дами түстi. Бұл толқын сапында тың дарын иелерi — Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза-Әлi, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Зейнолла Шүкiров, Ақан Нұрманов, Қалихан Ысқақ, Жайсаңбек Молдағалиев сынды туасы бөлек, өрнегi өркендi, тiлi құнарлы дарындар ерекше көзге түсiп, халық құрметiне бөленгенiн бiз жақсы бiлемiз. Мен солардың қалың тобынан жазушы, Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көркемсөз зергерi, бөлекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың шығармашылығы жөнiнде әңгiме қозғамақпын. Көркемсөз өрнегi ерекше, сұлу сөз иесi, сүйкiмдi шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Құйқалы жер — Қоңыр тауының баурайында 1936 жылы, 15-шi қазанда дүниеге келген. Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсiрiп-тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Демек, ауыл тақырыбын өзек етiп, жазушының Жыр төгуiнiң негiзi мен түп тұғыры осында жатса керек. Соғыс жылдарындағы ауыртпалықтар мен қиындықтарды Сайын, өз көзiмен көрiп, сол тiрлiкке қоян-қолтық араласқан қаламгер. Жазушыны қоғамдық орта, ел-жұрт тәрбиелейтiнi аян. Бұл ретте де Қоңырдың ежелгi тарихы өте бай өңiр. Мұнда Жоңғар жойқыны, Ұлы Отан соғысы жылдарында халық батыры Шынқожа, Найзагер сынды азаматтар ел қорғаудың асқан үлгiсiн көрсеткен. Қазақтың аса көрнектi ақыны Ғали Орманов пен Сайын Мұратбеков сол халық батыры Шынқожа баһадүрдiң ұрпағы болады. Сондай-ақ, осы Ешкiөлмес, Қоңыр тауларының бөктерiнде атақты Қойлыбай күйшi-қобызшы күңiренте күй төккен, атақты ақын Бiржан сал мен сара сөздiң шеберi Сара Тастанбекқызының айтысы да осы қызыл тобылғылы, Қоңыр тауының баурайында Ешкiөлместе өткенi белгiлi. Ұлы ақын Iлияс Жансүгiров осы өлке жайлы «Арынды менiң Ақсуым» деп жыр төккен. Тарихи зерде ғой, зерттеушiлерге керек болар, әйгiлi Қапал батыр осы саумал ауалы Қоңырда жоңғарлармен соғыста ерлiкпен қаза болған. Оның ата-тегi ұлы жүздегi Дулат атадан тарайтынын жақсы бiлемiз. Сол Қапал батырдың зираты Қоңыр ауылының шығысында қоян жонындай бұлтиып жатыр. Осы Қызыл Қоңыр тобылғылы Қоңырда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов әйгiлi Құлжа сапарын бастаған. Осындай тарихы бай, құйқалы өңiр Қоңырда Сайынның дарынды жазушы болып өсуi әбден заңды болса керек. Әрi сол өткен ғасырдың елуiншi жылдары партияның ХХ съезi болып, ерiк-жiгердi, ой-сананы бұғаулап ұстаған сталинизмнiң темiр қақпанына тосқауыл қойылған — Жылымық кезеңi келгендi. Және сол кезде бүкiл одақта деревенская прозаға — ақын өмiрiне бетбұрыс жасалған едi. Сол бетбұрыстың шуағы қазақ әдебиетiн де дүр сiлкiндiрдi. Жазушы Сайын Мұратбеков мiне, осы кезеңде батыл еңбек етiп, өз өрнегiн, тың серпiнiн таныта бiлген жазушы, көркемсөз зергерi. Жазушының алғашқы кiтабы «Ауыл оты» — оқырманды елең еткiзiп жақсылық нұрын, жандүниенi жаңғыртатын жылылық шуағын ала келдi. Бұдан кейiн жазушы «Жабайы алма», «Жусан иiсi», «Кәмен-тоғай», «Дос iздеп жүрмiн», «Қалың қар» деген кiтаптарын, тамаша хикаяттарын қалың оқырманға ұсынды. Сайынның туындылары — оқиға желiсiнiң шыншылдығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк адамгершiлiк қасиеттерiмен бiр сөзбен айтқанда, табиғи нанымдылығымен ерекшеленiп, оқырманын баурап отырады. Қазақ ауылының қиын кезеңiн шынайы бейнелеп, полотнолық ғажап шығармалар жазған бақытты жазушыға «Жабайы алма» атты кiтабы үшiн мемлекеттiк сыйлық берiлдi. Сайын Мұратбеков қоғам қайраткерi ретiнде де абыройлы, үлкен қызметтер атқарған қаламгер. Ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнде жауапты қызмет атқарды. «Жазушы» баспасының директоры, «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бас редакторы бола жүрiп, Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң депутаты болып сайланды. Жазушы Сайын Мұратбеков жас қаламгерлерге қамқорлық көрсетiп, ұстаздық етуде де үлкен азаматтық өнеге, тәрбие ұсынды. Мен Сәкең ағамыз депутаттыққа сайланарда оның жұрт сенген өкiлi болып, жанында жүрдiм. Сәкең адам баласына «сен» деп қатты сөз айтпайтын мейiрман, өте мәдениеттi, кiшiпейiл азамат ретiнде менiң жадымда қалды. Халықтың сүйiктi жазушысы Сайын Мұратбековтың жұбайы Мария әпкемiзден: — Сiздер қалай таныстыңыздар? — дегенiмде, ол: — Мен Талғар қаласы түбiндегi «Солдат сайы» деген жерде тудым. Қазақтың дәстүрлi ғұрпымен айтсам ата-бабам — қара қаңлыдан тарайды. Училищенi бiтiрген соң, Талдықорғанға жолдама алдым. Онда облыс басшысы Әрiпбай Алыбаев аға жылы қабылдап, Қапал ауданына жiбердi. Сайынмен сонда таныстым. Сайын шағын тиражы бар газетте iстейдi екен. Кейiн Қаратал аудандық газетi Үштөбе қаласына ауысты. Сол кезде жас журналист, бойында қаны қайнап тұрған кезi ғой. Көшедегi адамдардан бiр қазақ шалының өз кемпiрiн көкала қойдай етiп сабап салғаны туралы әңгiме естидi. Оған шыдамай, қатты ашуланған Сайын әлгi оқиғаны лақап есiммен газетке фельетон етiп жариялайды. Мұны оқыған әлгi қазақ ақсақалы атпен редакцияға шауып келiп, зiкiр салып, әңгiртаяқ ойнатып: — Менi жазған жiгiттi тауып берiңдер, оның көкесiн көзiне көрсетемiн, — дейдi айбат шегiп. Жiгiттер: — Бұл жазуда сiздiң аты-жөнiңiз жоқ қой, ол бөтен адам болар, — десе де, шал өңештеп: — Сол кемпiрiн ұрған шал менмiн, — деп ызбар төгедi. Жiгiттер: — Босқа сотталып кетесiз, — деп қорқыта уәж айтып, әлгi ақсақалды үйiне қайтарады. Осы оқиғаны еске түсiрiп: — «…сөздiң құдiретi-ай», — деп Сайын басын шайқап, iшек-сiлесi қатып күлiп отырушы едi. Мезгiл өткен сайын мен ота-ғасының күлкiсiн сағынып, балаларға осы әңгiменi қаз-қалпында айтып отырамын. Көркемсөз шеберiн сағынғанда, әрине, бiз оның шығармаларын оқып мауқымызды басамыз.

Төлен Қаупынбайұлы, жазушы,
Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,
Алматы облысының Құрметтi азаматы.
Қазақ әдебиеті №32

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s

%d такие блоггеры, как: