С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы

«С.Мұратбеков прозасы – алтын ғасыр әдебиетінің маржаны»

2014 жылы 30 мамырда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының Тіл сарайында  «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «С.Мұратбеков прозасы – алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» атты республикалық ғылыми — танымдық конференция өткізіліп, 31 мамыр күні облыстық кітапханада семинар – кеңес ұйымдастырылды. Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы, академик, профессор, жазушы Ғарифолла Есімнің қатысуымен өткізілген шара Б.Римова атындағы драма театры әртістерінің  «Басында Үшқараның…» шығармасының желісі бойынша сахналық қойылымымен басталды. «Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты кітап көрмесінің тұсаукесер рәсіміне конференцияның құрметті қонақтары қатысты.

Шара бағдарламасы бойынша пленарлық мәжілісті «Бір ел — бір кітап» акциясының қоғамдағы мәні» атты баяндамамен  ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Әлібек Асқар ашты. Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрағасы, академик, профессор, жазушы Ғарифолла Есім  «Өркен, сана және дүниетаным. «Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның…», «Жусан иісі» шығармалары туралы» баяндамасымен, белгілі жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бексұлтан Нұржекеев «С. Мұратбеков шығармаларының алтын арқауы — ауыл өмірі» баяндамасымен таныстырды. Жазушының қарындасы Майра Мұратбекова үлгілі өнегесімен тәнті еткен Сайын ағасының есімі мәңгі өлмес әдеби туындылары үшін ардақтаған елі барда ұмытылмайтынын атап өтті. Жазушының жерлесі, белгілі айтыс ақыны Қаныша Мұсабайқызы Раисова  жазушыға арнау өлеңін орындап, шараға қатысушыларды жазушының ауылында өткізілетін еске алу кешіне шақырды. Игі шара Сайын Мұратбековтың ауылында өткізілген кешпен жалғасын тапты. Жазушының жерлестері және  «Жусан иісі» шығармасының негізгі кейіпкері Аянның прототипі – Науқан Керимовтың естеліктерімен айшықталған кеш жазушының кісілік болмысын айқындады, шығармаларының сырын ашты.

Шара Сайын  шығармаларының сырлы әлемі зерделенген, көркемдік құпиясы, жазушының суреткерлігі, шығармашылық шеберлігі туралы тың пікірлермен, адамгершілік бейнесі жайлы терең мазмұнды естеліктермен ерекшеленді.

Ал 31 мамырда облыстық кітапханадағы семинар — кеңесте еліміздің мәдени кеңістігіндегі кітаптың орны, заманауи кітапхана, кітап оқу мәселелері,  жалпы оқуды ілгерілетудегі, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы кітапханалардың рөлі, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқырмандарды кітап оқуға тарту, ауыл кітапханаларында отбасылық оқуды дамыту тақырыбындағы мәселелер айналасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітапханаларды дамыту орталығының жетекшісі Маржан Бекарыстанқызы Валиулинаның және ҚР  Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Карима Каргенқызы Қоштаеваның қатысуымен кәсіби мазмұнды тұжырымдар жасалынып, пленарлық мәжілісті С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Мақпал Сқабайқызы Нұрғалиева қорытындылады.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

%d такие блоггеры, как: