С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы

«Басында Үшқараның…» әңгімесінің жазылу тарихы былай еді…

IMG_33691967 жылдың жазында Сәкең Тахауи Ахтанов, Бердібек Соқпақбаев үшеуі Сайынның ауылына барып, екі аптадай жайлауды тамашалап, отағас
ымыздың ата-бабалары, нағашы аталарының мекенін аралап қайтты. Жайлаулары Қапал тауы мен Текелі тауының арасы. Ортасында Қора өзені ағып жатыр. Өте асау, тасығанда малды да, адамды да ағызатын долы тау суы. Сол өзеннің жағасында жаздай малшылар қоныстайды. Жоғарыдағы жазықта Мұратбек атасының жайлауы. Одан әріректегі текше нағашы атасы Тілеудікі. Екі жүз метрлік биіктен «Бұрқан бұлақ» деп аталатын сарқырама құлайды. Үшеуі сол жерлерді аралап, демалып, риза болысып қайтқан.

Келгеннен кейін бір күні Сайын маған: «Ойыма бір керемет сюжет келді, соны жазамын», — деді. Басын бастап, ойланып жүрді. Келесі
жылы Әкім Таразимен бірге Жамбыл облысына кетті. Содан келгеннен кейін күзде жазуға отырды да әлгі бастаған дүниесін аяқтап, «Басында Үшқараның» деген атпен жариялады. Туындысының басына «Әкім Таразиге арнаймын» деп жазды.

Әңгімесін Әкім ағаға арнау себебі, екеуі бір туғандардай тату, адал дос еді. «Әкім көкеміз 1962 жылы жазда оқуды Мәскеуден бітіріп келгенде алғаш Тахаңмен бірге барып танысып едік», — деп отыратын Сәкең. 1964 жылдан бастап ағалы-інілі бауырлардай бірін-бірі сыйлап, соңғы күндерге дейін жақсы араласты. Саяжайдағы үйде терезесі тауға қараған бір бөлмені Әкім Тарази қатты ұнататын, келген сайын сол бөлмеде жататын. «Бұл жерден Найзақара тауы жақсы көрінеді, сонысымен ұнайды», — деуші еді. Әлі күнге дейін қоңырау шалып, Алматыға келсе, үйге соғып, амандық сұрап, қамқор болып жүреді. Дәл қазір ондай адал достыққа әркім де зәру емес пе. Ал біздің жолдастығымыз тамырын тереңге жайып, бірге туған бауырлардай жақындасып кеткенбіз.

Шығарманың басты кейіпкері Әсет — Сайынның өзі. Зағипа — әлі де бар, ақсары, ақжарқын келіншек-тін. Қазір ауылда тұрады. Малшының әйелі. Шын аты — Сәруар. Алматыға келсе, міндетті түрде үйге соғады. Сәулетайға келетін болсақ, әңгімеде баяндалған жағдай шынымен де болған оқиға. Оны Сәкең біраз өңдеп, шығармаға қосқан ғой. Ал әпке деп отырғаны — Мұратбектің інісі Мұратудың қызы. Әңгімедегі ұзатылып жатқан сол қыз болатын. Басқа кейіпкерлер де осы Қоңыр ауылының тұрғындары.

Сәкең туған ауылын, оның әсем табиғатын, мөлдір бұлағы мен асқар тауын сүйетін… Несін айтайын, келмеске кетті ғой көп күндер…

Ол шығармаларын көбінесе түнде отырып жазатын. Жыл мезгілдерінен күзді жақсы көрді. Жазуға жаңбыр не қар жауып тұрғанда отырғанды ұнатушы еді. 1987-1988 жылдары қатты жөтел қысып, дәрігерлер демікпе (астма) деген диагноз қойды. Тау жақта саяжайымыз бар еді. «Сол жақта кішкене тыншимын», деп сонда жиірек барып жүрді. Күзде үлкен бір бөлменің ортасын пешпен бөліп, екеуміз сонда көшіп алдық. Жыл өтпей жөтелі caп қойып кетті. «Мына жердің ауасы жақты маған, енді осында тұрамын», деп сонымен ол жерде тоғыз жыл тұрдық.

/Мариям апаның естеліктері/

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s

%d такие блоггеры, как: